Жамбыл облысындағы аудан, қала имамдары атынан және облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті ұжымының атынан Алматы облысының Қызылту кенті маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз.
Алматы облысының Қызылту кенті маңында адам құрбандығына душар еткен «СКАТ» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабар жанымызға батып, жүрегімізді сыздатқаны шындық.
Қаза болғандардың имандары жолдас, жатқандары жайлы болсын деп Жаратқаннан дұға қыламыз!