Мойынқұм ауданындағы «Техникалық шығармашылық орталығында»

Мойынқұм ауданындағы «Техникалық шығармашылық орталығында»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жоғары сынып оқушыларымен бұқаралық байланыс меңгерушісі Аманова Сымбаттың жүргізуімен «Тәрбие тұнығы - имандылық» атты  тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатында ауданның бас имамы Үрпеков Қуат жиналған оқушыларға имандылық сабағын өткізді. Кездесуге орталық директоры Атағұл Айнақұлов пен пән ұстаздары қатысты. Аудан имамы оқушыларға тартымды насихат айтып, еліміздің болашағы жарқын болуы үшін Алланың ақ жолымен айнымай тура жолмен жүруді, қазіргі таңда елімізде қаптап кеткен діни ағымдардың, тексіз секталардың жетегінде кетпеу үшін мектеп қабырғасынан Ислам дініміздің құндылықтарын үйреніп, екі дүниенің сәруәрі болған ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсетіп кеткен тура жолмен жүруге шақырды. Оған қоса бұл ай қасиетті Мәуліт айы екенін атап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен, балалық шағын баяндап өтті. Баланың ең басты міндеті  -  ата-ананы құрметтеу екенін, тіпті бұл туралы қасиетті Құранда айтылғандай оларға «Туһ» деуге де болмайтындығын айтып, сонымен қатар ата-ана да мектеп ұстаздарына құрмет көрсетуге шақырды. Еліміз егемендік алғалы Аллаға шүкір, дініміз көркеюде, жер-жерлерде діни білім алуға мүмкіндік бар, соның бір айғағы облыстық орталық мешіт жанындағы «Һибатулла Тарази» медресесі биылғы жылы оқуға түлек қабылдап, өз жұмысын бастайтынын атап өтті.

 Сондай-ақ қатысушылардың қойған бірқатар сұрақтарына жауап беріп, жастарымыздың иманды болуын, елімізге амандық, халқымызға тыныштық, дініміз Исламға күш-қуат беруін Жаратушы Жаббар иемізден сұрап бата жасады. Сөз соңында орталық директоры А.Айнақұлов кездесуге келген бас имамға алғысын білдірді.

Р.СӘРСЕНОВ.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: