Мәуліт Шу өңірінде де аталып өтті.

Мәуліт Шу өңірінде де аталып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Кеше  Шу  аудандық  мәдениет үйінде  Шу өңірі  жұртшылығы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) мәулітін  кең көлемде тойлап өтті.  Оған  аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Өміралиев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Д.Жұмабаев, ауыл молдалары, мұсылман жамағаты көптеп қатысты.

 

Кеш  6 жасар  Аятұлы Зайдтың оқыған «Мүлік» сүресімен ашылды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы  Е.Өміралиев және ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Д.Жұмабаев  Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл кешке жиналған мұсылман жамағатын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. «Асыл мұра» өнер орталығының қызметкері Бекзат Сәкенұлы жүргізген бұл кеште  бүкіл өмірі тағылым мен өнегеге толы адамзаттың ардақтысы атанған Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) құрметіне «Төле би» мешітінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттер мәулітті қазақ тілінде оқыды. Аталмыш өнер орталығының жігіттері  мағыналы көріністер қойып, діни өлеңдер айтты. Сахнада Алланың сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) туралы роликтер де көрсетілді.  Мәдениет үйіне жиналған  көрермен жұртшылық  Пайғамбарымыз туралы біраз мағлұмат алып, ерекше ықыласқа бөленді.

 

Концерт соңында Шу ауданының бас имамы  А.Дыбысұлы  аудан әкімі І.Тортаев мырзаға, Мәулітті  өткізуге демеушілік көрсеткен азаматтарға және жиналған жұртшылыққа өз алғысын жеткізді.

 

Жиын аяқталған соң, жұртшылық мешітке барып, Мәуліт құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты. Онда Жамбыл облысының  өкіл имамы Д.Жұмабаев мырза құран оқып, дұға жасады.

 

Жыл сайын Шу өңірінде мәуліт мерекесі мешіттерде тойланып келген еді. Биыл бұл игілігі мол мерекенің ауқымы кеңейді. Мәулім мерекесі ауданда өтті демесеңіз, облыс көлемінен кем болмады.

 

Лаура Алмаханова,
журналист.

 

 

../pic/mulit/chu01.jpg

../pic/mulit/chu02.JPG

../pic/mulit/chu03.JPG

../pic/mulit/chu04.JPG

../pic/mulit/chu05.JPG

../pic/mulit/chu06.JPG

../pic/mulit/chu07.JPG

../pic/mulit/chu08.JPG

../pic/mulit/chu09.JPG

../pic/mulit/chu010.JPG

../pic/mulit/chu011.JPG

../pic/mulit/chu012.JPG

../pic/mulit/chu013.JPG

../pic/mulit/chu014.JPG

../pic/mulit/chu015.JPG

../pic/mulit/chu016.JPG

../pic/mulit/chu017.JPG

../pic/mulit/chu018.JPG

../pic/mulit/chu019.JPG

../pic/mulit/chu020.JPG

../pic/mulit/chu021.JPG

../pic/mulit/chu022.JPG

../pic/mulit/chu023.JPG

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: