«Сыр-пернеде» шертілген сыр.

«Сыр-пернеде» шертілген сыр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имандылық - адам баласының бойындағы байлық, Алланың берген үлкен бір нығметі. Ал, имандылық адамды қашанда ізгілікке бастайды. Иман - жанның қорғаны болса, ізгілік - тәнге қорған.


Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Жұмабаев  облыстық  «Қазақстан-Тараз» арнасының «Сыр-перне»  бағдарламасына берген сұхбатында жоғарыда аталған мәселелер жайлы сөз болды. Рухани-танымдық бағадарламада «Имандылық деген не?», «Ниет деген не? Ол туралы қасиетті Құранда не жазылған?», сонымен қатар, «Мәуліт мерекесі деген не?», «Имамдарға Діни басқарма тарапынан қандай талаптар қойылады?» сияқты т.б. сұрақтарға  жан-жақты қамтылып, жауап берілді.  Сондай-ақ, бас имамның жеке басына қатысты сұрақтар да қойылды.


Әр ісін «Бисмилләһ!»-пен бастап, «Алла жар болсын!» сөзімен аяқтайтын дін қызметкерлері қашан да қоғамнан тыс өмір сүрмейтіні баршамызға аян.

 

Лаура Алмаханова,
журналист.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: