Талас ауданы, Қаратау қаласында 12 қаңтарда болған дауылдың кесірінен «Қаратау» орталық мешіті қатты зардап шеккені белгілі. Мешіт жанындағы медресенің, дәретхананың және асхананың шатылары ұшып кеткен болатын.
Осыған орай мемлекет тарапынан жәрдем беріліп медресенің, дәретхананың шатырларына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Табиғаттың тосын жағдайынан аудандағы «Әбдібай ата», «Тәнкібай ата», «Тәтен ата» мешіттері де зардап шекен болатын. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Жұмабаев бастаған аудандардың бас имамдары және Тараз қаласының бас имамы қаржылай көмек беріп, қолдау көрсетті. Басшылықтың және әріптестеріміздің осы игі істеріне Талас ауданының бас имамы және мешіт жамағаты шексіз алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз.
Нұрсұлтан Қалдарханұлы,
Талас ауданының бас имамы.