Талас ауданына қарасты ауыл мешітерінің молдаларымен аудандық «Қаратау» орталық мешітінде жоспарға сайкес жйналыс өтті. Жиналыста 2013 жылдық жоспар оқылды.
Сонымен қатар, ардақты Пайғамбарымыздың құрметіне Мәуліт кешін өткізу, 4-айлық имамадардың оқуға бару, діни жағдай (ағымдардың алдын алу), уағыз-насихат жұмыстары (жұма уағыздарының деңгейі, мектептерде кездесулер ұйымдастыру), Нұр-Мүбарак университеті мен «һибатулла Тарази» медресесіне шәкірттер дайындау, мешіттердің жылу жүйесі, өткізілген діни рәсімдердің жағдайы және Зекет қорын насихатау, жаңа салынып жатқан мешіттердің мәселелері талқыланды.
Аудан имамы Н.Қалдарханұлы молдаларға ағымдардың алдын алу, шәкірттер дайындау және жастардың діни сауатын көтеру сынды т.б. мәселелерді тапсырды.
Жиналыс барысында өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, халықтың разылығына бөленіп жүрген молдаларға алғыс білдірілді. Дініміздің көркеюіне оң ықпал ететін ұсыныстар айтылды.
Нұрсұлтан Қалдарханұлы,
Талас ауданының бас имамы.