Ақбастау ауылдық округінде Жастар саясаты туралы Заңды жүзеге асыру мақсатында жиын өтті.

Ақбастау ауылдық округінде Жастар саясаты туралы Заңды жүзеге асыру мақсатында жиын өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақбастау ауылдық округінде Жастар саясаты туралы Заңды жүзеге асыру шеңберінде 18 қаңтар қасиетті жұма күні «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» атты   дөңгелек үстел  отырысы болып өтті. «Дөңгелек үстел» отырысының мақсаты - бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отырған діни шиеліністердің салдарын анықтау немесе экстремизм мен терроризмнің қоғамға келтіретін зардаптары туралы өскелең ұрпаққа насхаттау. Сондай-ақ, оның ішінде, жастардың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға және ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға  баса назар аудару.


Іс-шараны ауылдық клуб меңгерушісі К.Нәлібаев ашып, жүргізіп, тәрбиелік мақсатта түсірілген бірнеше бейне роликтер көрсетілді.
Дін тақырыбын жастарға жетік түсіндіру барысында бұл іс-шараға аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы және «Бірлесу-Еңбек» мешітінің имамы сонымен қатар Октябрь-Жемис ауылының «Уәли Халпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан Сүйінбекұлы, Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К.Жомартбекова, Ақбастау ауылдық округінің кітапхана  меңгерушісі З.Байменова қатысып, жастарға аталған тақырыпта көптеген мағлұматтар беріп өтті. 

 Іс- шара барысында аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы сөз сөйлеп, қазіргі таңда Елбасымыздың дінге деген көзқарасы жайында және биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы-Қалыптасқан жаңа саяси бағыты» атты Қазасқстан халқына  арналған Жолдауына тоқталып өтті. Ақбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К.Жомартбекова бүгінгі таңда ел ішіне іріткі салып, қоғамның бүлінуіне ықпал еткен діни секталар мен радикалды ұйымдардың әртүрлі аймақтарда көптеп кездесетінін айтып, бүгінгі таңда ауыл-ауылды аралап, жөнсіз уағыздар айтқан діни өкілдер тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырын тайдыруда ең бірінші жол екенін ескертті. Өз кезегінде  сөз алған ауыл имамдары жастарға діннің түпкі мақсаты адамгершілікке, мәдениеттілікке, имандылыққа шақырытындығын түсіндіріп өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысы соңында ауылдық кітапханаға аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы Мемлекеттік діни басқарманың сараптамасынан өткен бірқатар кітаптарды тарту етті. Сондай-ақ, жастар тарапынан сөйлеген мектептің оқушылары  елімізді өркениетті дамыған мемлекеттер қартарынан көреміз десек тілімізді, дінімізді, ділімізді ұлықтау барысында шараларды көптеп өткізу керек екендігін айтса, ол сөздерді құптаған ауыл басшылары мен мешіттің өкілдері және де жастар бірлестіктері бірігіп атсалысып, тақырып аясында көптеген игілікті істер атқарылады деп жоспарлады. Ауыл жастары «дөңгелек үстел» барысында оқылған баяндама мен айтылған нақты сөздер арқылы көптеген мәліметтер мен  көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды. Ауыл жастары алдыңғы буын ағаларға алғысын  білідіріп, алдағы уақыттарда келіп  дөңгелек үстелдер көптеп өткізілуін сұрады.

С.Қ.Нарбаева,
Жамбыл ауданы «Жастар орталығы» КММ-нің
жастар жөніндегі кеңесші маманы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: