Тараз қаласының тұрғыны Муртазина Виктория Сергеевна құрбысымен бірге Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне келіп, екі дүниеде бақытқа жеткізер ұлық дін Исламды қабылдады. Викторияны қарсы алған наиб имам Ержан Аманбаев діндес қарындасына ислам дінінің құндылықтары және исламдағы қыз баланың орны туралы мағлұмат беріп, кәлима шаһада айтқызып, иманның алты шартын орыс тілінде жеткізді.
Виктория өзінің ислам дінінің ұлықтығын шын жүрегімен, саналы түрде мойындағанын, алдағы күндерде Алла қаласа мешіт жанындағы медресенің қыздар сауат ашу курсына да қатысу ойында бар екенін айтты. Көкейінде жүрген көп сауалдарға жауап тапқан бойжеткен күдікті ойлардан арылудың бір ғана жолы Исламда екенін ерте ұғындым дейді.
Ержан имам діндес қарындасына, алдағы уақыттарда сұрақ туындап жатқан жағдайда, Алланың үйі мешітке келіп сұрауына, ҚМДБ-ның мақұлдауынан өткен басылымдарды оқуына, сонымен қатар ғаламтор желісіндегі арнайы сайттарымыздан сабақ алып тұруына кеңес берді.
Көгедай Шәмерханұлы.