көрсең жебей жүр...

көрсең жебей жүр...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы о бастан жетімі мен жесірін құрметтеп, оларға барлық жағдайды жасап, алақанына салып, ерекше тәрбиелеп, мал-жанына қамқорлық жасаған.

 

Ауданымызда ертеден келе жатқан В.Савва атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаты бар. Бұл жетімдер үйінде жалпы саны 148 бала тәрбиеленуде.

 

Ауданымыздың бас имамы Қасымалиев Батырбек қажының ұйымдастыруымен осы аталған жетімдер үйіне жаңа жыл қарсаңында Батырбек қажы мешіт қызметкерлерімен барып, жетім балалардың көңілін аулап қайтты.

 

Мектеп жасына дейінгі 13 балаға жаңа жылдық сыйлық, мектеп жасындағы 10 балаға костюм-шалбар  табыс етті.

 

Бас имам жасөспірімдерге келешектері жарқын, елін, Отанын сүйетін азамат болып, ер жетулерін Аллаһтан тілеп, дұға жасады.

 

Беделбаев Амангелді қажы,

 Жамбыл облысы, Меркі ауданы, орталық

«Меркі-ата» мешіті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: