Бүгінгі таңда оқу ордалары мен мектептерде дінтану пәнін өтетін мұғалімдерге арнайы діни әдеби кітаптар тапшы.
Осындай ұсыныспен Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне арнайы ұсыныс хат жазып, кітап сұраған 6 мыңнан астам студенті бар ТарМПИ-дің ғылыми кітапханасына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбайұлы ҚМДБ-ның мақұлдауынан өткен, діни әдеби кітаптардың 152 данасын аталмыш оқу орынына апарып табыс етті.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Дәстүрлі дінімізді өркендету жолында жазылған ғұлама ғалымдардың еңбектеріне, білімгер жастар нәр алып, шөлін басып сусындаса, нұр үстіне нұр болар.
Көгедай Шәмерханұлы,