Еліміз егемендігін алғалы дініміз, тіліміз қайта оралып халқымыздың көңілі марқая түскеніне баршамыз куәміз. Қазақ халқы небір қиын-қыстау замандарды бастан өткерді. Қазіргі таңда Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қазіргі жағдайға жетіп еліміз әлемге әйгілі, дініміз күн өткен сайын өркендеп халқымыздың, әсіресе жастарымыздың дінге деген бет-бұрысы жақсара түсуде.
Еліміздің түкпір-түкпірінде мешіттердің бой көтеруі халқымыздың хал-ахуалы жақсарып дінге деген көз-қарасы дұрысталғаннан болып жатыр. Соның бір айғағы осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын бой көтерген Мойынқұм аудандық орталық мешітіне ауыл тұрғыны кәсіпкер Әбішев Қайрат қажы соңғы үлгіде ыстық-суық суымен жабдықталған дәретхана салып жамағат игілігіне пайдалануға берілді.
Аудан имамы ауыл кәсіпкерлерін ұйымдастырып аудан мешітіне біркелкі жайнамаз кілем төселді. Осындай екі бірдей қуанышқа куә болған ауыл тұрғындары және мешіт жамағаттары ризашылықтарын білдіруде. Алла тағала осындай иманды азаматтарымыздың істеріне береке бергей.
Мешіт ішіне төселген біркелкі жайнамаз кілемнен көрініс.