Рамазан жайлы баспасөз отырысы болып өтті.

Рамазан жайлы баспасөз отырысы болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде, Рамазан айына байланысты, баспасөз отырысы болып өтті.
Баспасөз отырысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы және наиб имамы Аманбаев Ержан, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек қатарлы имамдар Рамазанның қадыр-қасиеті туралы тоқталып сөз етті. Сонымен қатар БАҚ өкілдерінен, «Қазақстан Тараз» телеарнасы, қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті, облыстық «Арыстан» газетінің тілшілерінен басқа да, журналистер болды. Өкіл имам ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің, бүкіл халыққа Рамазан жайлы үндеуіне тоқтала келе, ораза ұстауды адам баласына пайдасы туралы тұстарын әңгімелеп берді. Игілікті іс-шаралар жүзеге асып, сауапты істер еселенетін қасиетті Рамазан айында атқарылатын сауапты, ізгі амалдар туралы Ахметжан Керімбек сөз етсе, өзге де журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға Аманбаев Ержан жауап берді. Өкіл имам Рамазан айы басталатын уақыты 2013 жылдың 9-шілдесі екенінде еске сала кетті.

 

Көгедай Шәмерханұлы

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/Zk3Lt.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/JCGZQ.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/TLqpg.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/XIdVj.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: