Діни кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Діни кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы болып, оған ҚМДБ - ның Жамбыл облысындағы өкілі « Һибатулла Тарази » мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы қатынасып қайтты. Аталмыш отырысқа өзге де кеңес мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасы, Дін істері департаменті, Әділет департаменті және діни бірлестік пен филиалдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Отырыс күн тәртібінде қаралған мәселелерге тоқталсақ, аудандық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің атқарған жұмыстарымен тереңдей таныса келе, діни ахуалдардың алдын алу шараларын қарастыру болса, осы отырысты ұйымдастырған Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасыры діни кеңес төрағасының орынбасары Н.Көкрекбаев сөз кезегінде халықтың діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында діни экстремизм және терроризмге қарсы жұмыстардың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып діни сауаттандыруға назар аудару керектігін тапсырды.

 

Сонымен қатар өкіл имам жастардың діни сауаттылыққа деген құштарлығы өте жақсы, кейде ата-аналар тарапынан қолдау таппай жататын жайы да жоқ емес. Бүгінде еліміз бойынша діни іргелі оқу орыны болған «Нұр - Мүбарәк Египет ислам мәдениеті» униерситетіне түсіп оқығысы келетін жастарға Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев грант бөлген болса да, кей аудандардың атсалысып білімгер даярлауға құлықсыз екенін де сынға алып айтты. Отырста қаралған мәселелер бойынша әлі де жұмыстардың тыңғылықты атқарылуын барлық мүшелер өз қолдарын алатынын жеткізді.

 

Көгедай Шәмерхан

 

 

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/crNvD.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/qi4Tl.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/NvKCj.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/bKT35.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/04/Q9FLN.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: