Ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалары жылдағы дәстүр бойынша Шағбан айының соңғы күндері аудандық «Меркі-ата» мешітінде бас қосты. Бас қосуда негізгі мәселе, қасиетті Рамазан айының кіруіне байланысты, ауыл мешіттерінің дайындықтары қандай деңгейде екенін және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан халқына жолдаған үндеуін талқылау, Жамбыл облысы бойынша өкіл имам Данияр қажы Жұмабаевтың тапсырмасын ауыл имамдарына жеткізу.
Өз сөзінде ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев үстіміздегі жылғы оразаға деген дайындық жылдағыдай ерекше екенін, Бас мүфти хазреттің тапсырмасына орай, онда қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында көрсетілетін іс-шаралар, осы айда мешіттерді безендіру.
Мешіттердің мұнаралары мен күмбездерін түрлі-түсті электр шамдарымен әшекейлеу, мешіттің алдына «Рамазан айы мүбарак болсын»-деген құттықтау плакаттарын ілу керектігіне тоқталды.
Рамазан айында ҚМДБ-ның тапсырмасына орай, мешіттерде ауызашар ұйымдастырып, ауызашарға 18 топтан тұратын өкілдерді қатыстыру керектігін айтылды. Сондай-ақ бас имам ауыл имамдарына мешіттерге жан-жақты жөндеу жұмыстарын жүргізу, әктеу, бояу, гүлдерді баптау мешіт төңірегіндегі шөпті шауып, тазалау жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Сөз барысында бас имамның ерекше тоқталғаны «Ислам және өркениет» газеті «Иман» журналына 2014 жылға жазылу мәселесін бұл науқанға кәзірден бастап қам жасасақ, жыл соңында қиындықтар тууы мүмкін деді.
Жиын соңында ҚМДБ-нан жарық көрген «Таным тұғыры» атты кітапшасы, Меркі ауданына арналған 2013 жылғы ораза кестесі таратылды.
Тағы бір ескертетін жай, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Маямеров хазреттің Қазақстан халқына жолдаған үндеуі және ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиевтің аудан жұртшылығына Рамазан айының келуіне байланысты құттықтауы ауданнан жарық көретін «Меркі тынысы» газетіне жолданды.
Құрметті мұсылман бауырлар!
Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ел аман, жұрт тыныш болғай.




26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

