Аудандық «Қордай» мешіті жанындағы қыз балаларға арналған сауат ашу курсының салтанатты жабылуы.

Аудандық «Қордай» мешіті жанындағы қыз балаларға арналған сауат ашу курсының салтанатты жабылуы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһтың қалауымен кеше ғана басталған ізгі іс, яғни қыз балаларға сауат ашу курсыда бүгін міне өз мәресіне жетті. Сауат ашу курсына әртүрлі жастағы 40 қыз бала қатысты. Жас тәлімгерлерге дәріс беруге арнайы облысымыздың өкіл имамы Д.Жұмабаев мырзаның бұйрығымен «һибатулла ат-Тарази» медресесінен Г.Көпбаева, Г.Сатарова, Ж.Дуанбекова ұстаздар келді.

Қыз балалар 16 күн ішінде иман негіздері, мұсылман әдебі, пайғамбар өмірі сынды маңызды пәндер бойынша тәлім алса, ең маңыздысы ақ пен қараны ажыратушы, Аллаһтың кітәбі қасиетті Құраннан сүрелер жаттады. Жабылу салтанатында аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов ардақты елші Мұхаммед Мұстафаның білім талаб етушілер жайлы мына хадисін айтып «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Аллаһ оған Жәннәтқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды....»

 

білімнің артықшылығы жайлы уағыз айтып, осы уақыт аралығында алған білімді ұмытпай, өмірде басты ұстаным етіп, оны естен шығармауға шақырып, қасиетті Рамазан айында Құран оқуды көбейтіп, ізгі істерді іске асыруға үгіттеді. Ата-аналар атынан бір топ апалар өз алғыстарын білдіріп мешіт қызметкерлеріне, сабақ берген ұстаздарға өз разылықтарын білдіріп әрбір мұсылман үшін маңызды болған Алланың разылығына жетулеріне тілектес екендерін тебірене жеткізді. Ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбайдың ұйымдастыруымен, бір топ дінге жанашыр азаматтар қаржылай көмектесуінің себебінен оқу барысында жақсы жетістікке жеткен қыз балаларға топ ішінен 1-ші орынға 10 000 теңге, екінші орынға 7000 теңге және үшінші орынға 5000 теңге сый ақы таратылып, мақтау қағаздары тапсырылса, ал енді жүлделі орынға сәл жете алмай қалған ынталы оқушыларға алғыс хаттар тапсырылып, қалған шәкірттерге түрлі сыйлықтар таратылып, келген ата-аналарға діни кітәптар үйлестірілді.

 

«Кімде -кім Аллаға және қиямет күніне сенсе келген қонағын сыйласын» деген хадиске амал етіп және қазақилық дәстүр бойынша Алла үйіне осындай қуанышты оқиға орай қонақ болған ата-аналар мен қуаныштың себебі болған шәкірттерге арнап ақ дастархан жайылды. Дастархан басында да уағыз насихаттар айтылып, ақ тілектер білдіріліп, келесі жолы да осындай сауапты істі атқаруды нәсіп етуге Жаратушыдан дұға тілеп жақсы көңіл күйде ел тарқасты. Лайым осылай болғай я Роббилғаламин!


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/Cf9cO.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/UuR.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/GvrWZ.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/Q4rTd.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/jgNQG.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/f6mt9.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/Ue7lB.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/eyDTl.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/et7cn.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/it75B.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/bYvxV.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/zDGL.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/KyGwr.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/KZbD5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/07/XdU2.jpg

 


 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: