Тарауих намазындағы хатым Құран аяқталды.

Тарауих намазындағы хатым Құран аяқталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Айлардың сұлтаны, Қасиетті құран кәрім түскен ұлық айдың құрметіне ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешітінде, Тарауих намазында қатым құран оқылып аяқталды. Хатым құранның дұғасына арнайы Тараз қаласының әкімі, Бекболат Орынбековте келіп қатынасты. Адамзаттың ардақтысы күллі ғаламның рахым нұры, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарауих намазының сүннет болу мәселесіне қатысты:

 

«Хақ тағала сендерге оразаны парыз, тарауих намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», - деп жеткізген.

 

Осы тарауих намазында қатым құран оқудың артықшылығы мен сауабы туралы, мешіттегі оқылған хатым құранның дұғасы аяқталғаннан кейін, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы «Рамазан құран айы, Құран оқудың ең абызалы әрі сауабы мол болатыны намазда оқылғаны, Құран - адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы.

 

Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Ал рамазан айында құран оқудың ерекшелігі, ораза ұстаған адам барынша тақуалыққа бет бұрып, нәпсісін тиып, күна жасаудан алыс болады. Осындай таза жүрекпен шынайы ықыласта құранды әркім оқыйтын болса мол сауап. Біздің тарауих намазында Құран хатым түсірудегі мақсатымыз, жалпы жамағат толықтай құранды оқып білмейді.

 

Сондықтан қариларымыздың соңында сапта тұрып, тыңдап хақысын өтесе деген ниетте хатым түсірліп отырғанын, қасиетті құранды шын ықыласымен естіген жанғада сауап бар екенін түсіндіріп, тарауих намазында хатым Құранды оқып бітірген, Алматыдағы қарилар медресесінен келген Ахметов Серікпен, «Һибатулла Тарази» мешіт, медресесінің ұстазы Мырзабеков Құттыбайға шексіз алғысын білдірді. Бұл күнде мешіттерімізде құран оқылуы, әрі басқаға үйретілуі керектігі жайныда, Елбасымыз Н.Назарбаев «Түбіміз - түрік, дініміз - Ислам, кітабымыз - Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармайық» деген болатын. Мешітте діни насихат, уағыз кештері де жиі өткізіліп, халықты имандылыққа шақыруда.

 

Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер енеді. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады. Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар келеді, періштелер кірмейді, үй-ішіне тынышсыздық келеді, жақсылық азайып, жамандық көбейеді»-деген. Қасиетті Рамазанда Алланы ұлықтап, шынайы жүрекпен ұстаған оразаларыңыз қабыл, имандарыңыз кәміл болсын ағайын.

 

Көгедай Шәмерхан

 

http://gifok.net/images/2013/07/23/hqgwT.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/23/B9pnu.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/23/eSxd1.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/23/Rt9e.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/23/u4nA.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: