Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының алқа отырыснда, қасиетті Рамазанның келуіне байланысты талқыланған 17 мәселенің негізіне сәйкес, Әрқайсы өкілдіктерде түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуын, ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес ізгі бастамалар өңіріміздеде жалғасын табуда.
ҚМДБ-ның жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты Тұрар Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Жадыраев Сұлтаншәріп қажы жергілікті билікпен бірлесіп, жастар арасында құран оқу жарысын өткізді.
Құран оқу жарысына әділғазылар төрағасы ретінде, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешітінің найб имамы, Нарымбетов Еркебұлан қатысып қайтты. Құран оқу жарысы аталмыш ауданның Сұлу төр кино театрының үлкен залында өтті. Құран оқу жарыс түрі жарты парадан, 1парадан, 3парадан құран оқу жарысы өтті. жарысқа 28 бала қатысып, араларынан үздік нәтижемен, 3 параны жатқа оқудан Таукеев Талғат бас жүлдені еншілесе, 1 парадан оқу бойынша Тулбаев Ардақ иеленіп. жарты пара бойынша 1-ші орынды Рахматов Сияуш қанжығасына байланды. Басқада қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Сұлтан» мешітінің наиб имамы
Шералиев Пархат