Рахман мешітіндегі құрылыс жұмыстары.

Рахман мешітіндегі құрылыс жұмыстары.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қызыл партизан елді мекенінде орын тепкен «Рахман» мешітінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мешіт жамағатының саны өскен сайын ескі дәретхана таршылық етіп, қолайсыз болғандықтан жаңа дәретхана ғимаратын салу шешілді. Жаңа дәретхана заманауи талаптарға сай ыстық және суық сулары бар, қыста жылытылатын болатындай есептеліп салынып жатыр. «Рахман» мешітінің бас имамы және осы құрылысты басқарып жүрген Ақан Малдыбаевтың сөзі бойынша дәретхана құрылысын Аллаһ қаласа ораза айтқа дейін аяқтау жоспарда. Баспана тапшылығы дін қызметкерлерін айналып өтпегені белгілі, сондықтан дәретханаға қосымша мешіт аумағында арнайы имамға тұрғын үй салу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Құрылысқа тапқан табысымен бөлісіп, жақсы істен құр қалмай, Аллаһ разылығы үшін демеушілік көрсетіп жатқан демеушілерге алғысымызды айтып, Аллаһ екі дүниеде де істеріңізді оңдасын деген тілектеміз!


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/21/9FXL.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/21/ByAgh.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/21/XiHFG.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/21/eFo2x.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: