Естеріңізде болса, аудандық «Қордай» мешітінде шілденің бірінде қасиетті Рамазан айына дайындыққа байланысты жиналыс болып өтті. Енді мінекей қасиетті айдың ортасына келіп қалдық. Осы өткен екі аптаның ішінде ауыл имам-молдалары өздеріне тиесілі аумақта, мешітте қандай іс-шара өткізгендігі жайлы есеп алу үшін, қандай жобалар жоспарлануда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларының орындалу барысын қадағалау мақсатымен ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай ауыл имамдарына жиналыс ұйымдастырды.
Жиналыстың басты тақырыбы әрине қасиетті Рамазан айының өткізілу барысы анықталып, әр имам өз мешітінде қандай іс-шара өткізіп жатқандығы жайлы есеп берді. Ә.Шалбай имамдардың есебі бойынша кетіп жатқан кемшіліктерге тоқтап, мәселелерді пысықтауды тапсырып, тапсырмаларды нақты орындап жатқан имамдарға алғысын білдірді. Ә.Шалбай аудан бойынша мешіттердегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мешіттердің жұмысымен танысып, барлық имамдарға мешіт аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін еске салды.
Бас имамның көтерген тағы да бір маңызды мәселе ол мешіттерде жазғы сауат ашу курстарының ұйымдастырылып, шәкірт тәрбиелеу және «Һибатулла ат-Тарази» медресесіне шәкірт жіберу мәселесі айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Имамдардың аудандық салық және т.б мемлекеттік ұйымдарға мешіт есептерін уақытында тапсыру бұйырылды. Жиын соңында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Мүбәрак Рамазан»атты кітәбі таратылды.
Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы