Жамбыл облысы Меркі ауданының мәдениет үйінде «Қош келдің Рамазан» атты көңілді әсем сазды кеш болып өтті.
Атлмыш сазды кешті ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты «Меркі- Ата» мешітінің бас имамы ҚасымӘлиев Батырбек қажы жергілікті билікпен бірлесіп ұйымдастраған. Көңілді кешті әнмен әрлеп, күймен күптеген «Асыл мұра» өнер орталығының өнерлі жігіттері болды.
Бұл кештің басқа кештен өзгешелігі Пайғамбарға салауат айтылып, Рамазанға арнау әндер орындалып, халық жадында ежелден сақталып келе жатқан, қасиетті рамазанды ұлықтаған Жарапазан айтылды. Жарапазанды тыңдап тәнті болған ақсамайлы әжелер, өнерлі жігіттерге алғысын жаудырды.
Аталмыш кешке ҚМДБ-ның Жамбыл обылысндағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы арнайы барып, облыс көлемінде өткізілген көңілді кешті құттықтап, жиналған көпшілікке ұстаған оразалары қабыл болсын айтып, « Мұсылман үшін ұлық мереке болған Рамазанның келуі өте үлкен қуаныш екенін, әрі осы мерекеде рухани тәлім-тәрбиелік қуаты бар насихаттар айтылатын болса, Айлардың сұлтаны болған рамазанда ізгілік пен кішпейілдік арқылы Алла жақындайық, ақиқатты танып, 37 жылда бір айналып келген шілденің аптабында нәпсісін тиып, ораза ұстаған жандарды құрметтеп, елге қуанышты көңіл күй сыйлайық, бұл біздің мұсылман баласы өтеуге тиісті асыл қасиеттерден»,-деп қайырды. Кеш барысында Рамазан туралы бейне қойылым көрсетіліп, «Тәубе» атты тәрбиелік сахналық көрініс көрсетілгенде, көрермен көзінен ыстық жас парлады. Бұл кешке жиналған көпшілік ұйымдастырушыларға шексіз алғыс айтып тарқасты.
Көгедай Шәмерхан












26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

