Қордай ауданының Қарасу ауылында орналасқан «Ал-Хадий» мешітінің жамағатыда қасиетті Рамазан айына сақадай сай дайын. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығына сәйкес мешіт сыртына «қасиетті Рамазан айы Мүбарак болсын!» -деген құттықтау баннері ілініп, осыған қосымша қасиетті Құранның аяттары мен ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с хадистері баннерге жазылып мешіт сыртына ілінді. Мешіттің сыртына түнгі уақытта қосымша жарық беру және әсемдік үшін мешіт ғимаратының сыртына қосымша жарық құрылғылары орнатылды. Мешітте күнделікті тарауих намазы өткізілуде. Осы ауылдың тумасы, мешіттің іргетасын қалаушы Байғожаев Қайрат Нұғманұлы қасиетті Рамазан айында сауапқа бөленейін деп 70 шақты ораза тұтқан жанға ауыз ашар ұйымдастырды. Ауыз ашарға ауыл ақсақалдары, аз қамтылған отбасы мүшелері және т.б азаматтар шақырылды. Осының барлығын ұйымдастырушы мешіт имамы Аманбаев Саламатқа мешіт жамағаты дән риза болып, ақсақалдар өз батасын беруде.
Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз хатшысы





26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

