Аллаһ тағала өзінің қасиетті кітәбі Құранда өзінің иман келтірген құлдарына Маида сүресінің 48 аятында «Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар» деп жар салуда. Жаратқанның бұйрығынан қордай азаматтары тысқары қалмай жатыр. Қордай ауданы Алға ауылында орналасқан «Омар» мешітінің имамы Нұрбақыт Омаров пен осы мешіттің іргетасын қалаушы, әрі бас демеушілері, елімізге имандылық лагерін ұйымдастырумен көзге түскен Далбай Омаровтың әулеті аудан орталығындағы ірі тойханада 300 адамға жуық ауыз ашар берді.Ауыз ашарға Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғам қайраткерлері, аудан ақсақадары, халал сауда кәсіпорындарында қызмет ететін жұмысшылар, имамдар, Қордай мен Алға ауылының жамағаты шақырылды. Мерекелі жиынды басқаруға белгілі ақын Серік Қалиев арнайы келді. Беташар сөз аудандынымыздың бас имамы Ә.Шалбайға берілді. Өз сөзінде бас имам ораза ұстаушы қауымға ғибадаттарының қабыл болуын тілеп, Рамазанға байланысты көптеген хадистерге тоқталып, аптаған ыстықта ораза тұтушы жандарға осы сауабы мол ғибадаттың себебінен Аллаһтың мейіріміне бөленіп, қияметтің аптаған ыстыған құтылуына тілектес болды. Сөз алған Бақыт Байтөле мырза Омаровтар әулетіне өз разылығын білдіріп, осы ұлық айда ұлт болып, ел болып бірігіп жақсылықтар жасауға шақырса, ақын Серік Қалиев ағамыз жиналған қауымды жүрегінен шығып, қаламының ұшына ілініп, ақ қағазға түскен өлеңдерін оқып, ғибратты әңгімелерімен сусындатып отырды. Халық ұйымдастырушыларға өз баталарын беріп, келесі сауабы мол ғибадат тарауих намазын оқуға мешітке ағылды. Аллаһ разылығы үшін жақсылықта жарысайық ағайын!
Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешіті






26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

