Оразада көңіл бөлетін мәселелер.

Оразада көңіл бөлетін мәселелер.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында, бір ай бойы ораза ұстау барша мұсылманға парыз етілгені Қасиетті Құранда дәлелденген. Ал осы парызды орындауға бір бөлім адамдардың ынтасы барса, бір бөлім адамдар құлық таныта алмайтыны да жоқ емес. Күн бойы аптап ыстықта ораза ұстап, өз нәпсісін тізгіндеген жанның иманының өлшенетін кезі. Қасиетті айда, күн бойы ораза ұстаумен қатар, Құран оқудыңда сауабі мол. Ай бойы ниет етіп, ораза ұстаған адамның жүріс-тұрысы, іс-қимылы, киім киісіде дұрыс болғаны жөн. Ретті киініп, әурет жерлерін жасырып киінгені дұрыс.

 

Бойында сабырлылық пен төзімділік менмұндалап тұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Адам баласының әрбір жақсылық ісі еселенеді, жақсылық ісінің ең аз сыйы он есе болады, бірақ жеті жүз есеге дейін де көбеюі мүмкін. Аллаһ Тағала айтады: «Оразадан басқасына. Өйткені шынында, ораза Мен үшін тұтылады және Мен сол үшін қайтарамын. Өйткені адам өз нәпсісін қандырудан және тамағынан Мен үшін тыйылады!» Ауыз бекітушіні екі қуаныш күтіп тұр: бірі - оразасын ашқанда, екіншісі - Раббысымен қауышқанда. Әлбетте, ораза тұтушының ауыз иісі Аллаһ үшін мисктің хош иісінен де жағымдырақ» - делінген.

 

Енді ойлап көріңіз ораза ұстау иман келтірген мұсылман баласына екі дүниеде пайдасынын тигізетінін жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда Аллаға шүкір ораза ұстаған жастарымыздың саны көп бұл да болса қуантарлық жағдай! Адам болғасын кейде жеке көзқараспен шешім жасап, ораза туралы бір пікірге келе алмай жататын тұстарда болады. Негізінде парызды өтеуде ғалымдардың патуәсі мен Пайғамбарымыздың сүннетіне сай орындасақ жаңсақ пікір туылмас. Осы ораза ұстап жүрген бауырларымыздың «Ауыз ашарға асығыңдар»,- дегенді, өз әлінше түсініп, кейде «Ауыз ашарға шақырды, тез бармасақ болмайды».,- деген ойдың жетегімен өздері тізгіндеген көліктің қарқынын тездетіп, жылдмадығын ережеден асырып, жол ережесін бұзып қоятыны жоқ емес.

 

Тағы да айтар болсақ, еліміз бойынша түрліше орындарда оразада ауыз ашар беру өте бір жақсы әдетке айналған, жағдайы жеткендер тойханаларда өткізсе, туыс-туғанын, құда-жегжатын шақырып өз үйінде өткізетіндер бар. Сонымен қатар ғибадат орыны болған мешіттерде де ауыз ашар беріледі. Бұл арада мешіттерде ауыз ашар берілудің түсі өзгеше, себебі діни сауаты бар имамдардың жетекшілігінде жүрілетіндіктен, уағыз-насихат айтылса, ораза туралы жамағаттың кең көлемді мағлұматтар алуына да орай туады. Әркімнің дастарханының басынан табылатыны мұздатылған салқын сусындардың түрі көп. Мысалы ("Кока-кола", "Пепси-кола", "Фанта") қатарлы сусындар. Ал осы сусындармен ауыз ашуға бола ма?,- деген жамағаттан сұрақтар да түсіп жатады.

 

Бұндай сусындарды ішпеңдер деуден аулақпыз, алайда аш құрсаққа мұндай сусындарды ішіп шөл басудың қажеті шамалы. Исламда адам баласының денсаулығына зиян келтіруді қаламайды. Жаратушы Алла бізге десаулықты аманттағанын естен шығармайық. Себебі кей сусындықтар дәрінің, ертінді бояудың қосындысымен жасалады. Мұндай сусындар адам ағзасына зиян келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан ауыз ашар мәселесінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемi намаз оқудан алдын аузын жаңа үзiлген құрмамен ашатын. Жаңа үзiлген құрма болмаса, кептiрiлген құрмамен ашатын. Ол да болмаса, бiрнеше ұрттам су iшетiн. "- деген хадис бар, сондықтан салихалы амалды сабырлы салмақтылықпен өтей білейік. Алла баршаңыздың ниеттеріңізді қабыл етсін. Қасиетті Рамазан құтты болсын ағайын!


ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі
«Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы, Жұмабаев Данияр

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: