Жамбыл облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев, Тараз қаласына қарасты, қала, аудан, ауыл имамдары, еңбек ардагерлері мен қоса, зиялы қауым өкілдеріне арнайы Тойханада дастарқан жайып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауыз ашар берді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Мына үш кісінің дұғасы қабыл: ораза ұстаған кісінің ауызашар сәтіндегі дұғасы, әділ имам (басшы) және жәбірленуші кісінің дұғасы» деген. Осы хадисте келген басшы деген атқа лайық қызмет атқарып, халықтың жүрегінен орын алып, ел ауызында аталып жүрген басшылардың қатарында Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевта бар десек артық болмас. Қанат Алдабергенұлы дініміздің жанашыры ретінде де жұртқа белгілі, айтар болсақ «Һибатулла Тарази» мешітінің күрделі жөндеуден өтіп, жанындағы медресенің тұрғызылуына өзі бас болып көметескен болатын. Әр жылғы Құрбан айт мейрамында мешітке ат басын бұрып, құрбан шалып, жоқ-жітіктерге көмектесіп отырса, Рамазан айында ауыз ашар берсе, басқада діни іс-шаралардың өткізілуінеде қол үшін беріп отырады. Осындай азаматтық еңбегін атамасақ болмас.
Кешкі ауыз ашарда облыс әкімі Қанат Алдабергенұлының құттықтау сөзінен кейін, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы қасиетті Құранымызды оқып, дұға жасап ауыз ашар кешіне келген жамағатқа, ораза қабыл болсын айтып, ұйымдастырған басшыларға, қонаққа келген жалпы имамдар атынан ризашылығын жеткізіп, қасиетті рамазанның қадыр-қасиеті, ауыз ашар берудің сауабы жөнінде баяндап берді. Ауыз ашарға келген дуалы ауыз қарияларға сөз беріліп бата жасалды. Алланы ұлықтаған әндер орындалып, жиналған көпшілік қуанышта тарқасты.
Көгедай Шәмерхан






26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

