Сауабы мол іс, ауыз ашар ұйымдастыру.

Сауабы мол іс, ауыз ашар ұйымдастыру.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһтың берекесі төгіліп тұрған қасиетті Рамазан айына күн санап өтіп бара жатыр. Йісі мұсылман пенде осы берекелі айда әр түрлі жақсылықтар істеу арқылы Аллаһ нәсіп еткен Рамазан қоржынының сауабынан құр қалмасқа асығуда. Осындай игі шараның бірі ол әрине ауыз аштыру болып саналады.Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:

 

«Бір адам осы айда аузы берік бір адамға ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі. Ораза ұстағанның сауабындай сауап алады», - дегенде сахабалардың кейбіреулері ораза ұстаған жанға ауыз аштыратындай жағдайлары жоқтығын айтады. Сонда оларға: «Бір құрмамен ауыз аштырғанға да, тек сумен ауыз аштырғанға да, аз ғана сүтпен ауыз аштырғанға да осы сауап беріледі», - деді (Бәйһақи риуаяты).

 

Аллаһқа шүкір елімізде бейбітшілік орнаған кезде, Аллаһтың берген берекесімен оншақты емес тіпті жүздеген ораза ұстаушыға ауыз аштыруға жағдайы жететін мұсылман бауырларымыз бар. Мінекей осындай сауапты істен аудандық «Қордай» мешітінің жамағаты да сырт қалмауда. Медресе асханасында күнделікті ауыз ашарлар ұйымдастырылып жатыр. Ауыз ашарды түрлі сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері және жамағатымыздың азаматтары ұйымдастыруда. Ал ауыз ашарға аудан ақсақалдары, мешіт жамағаты және т.б топтағы азаматтар келіп дәм-тұз татып, өз разылықтарын білдіруде.Аллаһ қаласа осындай сауабы мен берекесі мол дастархан Рамазан айының аяғына дейін жайылады. Аллаһ баршаңызға разы болғай!


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/16/OLuSc.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/16/eYzs.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/16/RBh5S.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/16/O3i6.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: