Қасиетті Рамазан айына дайындық немесе Бас мүфти тапсырмасы орындалуда.

Қасиетті Рамазан айына дайындық немесе Бас мүфти тапсырмасы орындалуда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қош келдің Рамазан деп қасиетті айды барша мұсылман баласы қарсы алды, бұл айдың қасиеті жөнінде Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) «Егер үмметім Рамазан айының қадір-қасиетін білсе, жыл 12 ай Рамазан болғанын қалар еді » деген екен. Мінекей осынау қасиетті айдың есік қағып келуін Ә.Шалбай бастаған аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері халыққа жар салуда. Осы істе Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын орындаумен іске асыруда.

 

Атап өтсек ең бірінші аудандық қоғамдық саяси «Қордай шамшырағы» мен «Кәсіпкер жаршысы» қоғамдық газеттерінде Бас мүфти Е.Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты үндеуі жарық көріп, газет беттері арқылы үндеумен түпкір-түпкірдегі елді мекен мен бүкіл аудан халқы оқып шығып танысып, өз қолдауларын білдіріп жатты. Ораза тұтышу халыққа арналып Рамазан айының кестесі жергілікті баспаханада басылып 20 000 данасы ауылдарға, аудан халқына тегін таратылды.

 

Рамазан айына арнайы мерекелік ашық хат дайындалып, ол аудан әкімі Н.С.Календеров мырзаға, оның орынбасарларына, аудандық мемлекеттік мекеме басшыларына, аудан ақсақалдарына, мешітке жәрдем беруші кәсіпкерлерге, мешіт жамағатына және тіпті өзге дін өкілдеріне аудан бас имамы Ә.Шалбайдың атынан құттықталып «Мұсылман сипаты» кітәбі және ораза кестесімен бірге таратылды.

 

Аллаһқа шүкір мешітіміз жеті жолдың торабы, халықаралық жолда орналасқан, осы себепті мешіт қоршауына оразаға, жомарттыққа байланысты хадистер жазылған баннерлер ілініп, мешіт қоршауы мен бас дарбазасы мен ағаштар түрлі жарық құрылғыларымен безендіріліп, қалашығымызды түн жамылған кезде Аллаһ үйі ерекше көзге түседі. Қордай қалашығының орталық көшелері Жібек-жолы мен Төле би көшесінің қиылысында «Рамазан айы құтты болсын» деген құттықтау баннері ілінсе, дәл осындай баннер Қордайдан шыға берісте, яғни тарихи Тараз және әсем Алматыға барар жолда, халықаралық дәліздің бойында ілінді. Мешітімізге тарауих намазын өткізуге, тек қана өткізіп қоймай Рамазан бойы қасиетті Құранды хатым етуге арнайы екі қари шақырылып, мешітіміз жамағатқа лық толып, Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа сәжде жасауда. Намаз арасындағы демалыста имамдар жиналған қауымды Пайғамбар с.ғ.с хадистерімен сусындатуда. Рамазан берекелі болсын ағайын! Қасиетті айда иманымызды күшейтіп, еліміз аман, жұртымыз тынышта, жақсы жаңалықтармен қуантайық!


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/WSeDO.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/D4Ie.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/xmQH3.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/0Ybkq.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/uX7yY.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/er8nC.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/R4BWI.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/NCK3U.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/N5UF.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: