Меркі ауданында өткен ауыз ашар.

Меркі ауданында өткен ауыз ашар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Біздердің де есімізден шыққан жоқ, бұл жантүршігерлік оқиға Оңтүстік қазақстан облысы аумағында АН-72 ұшағының апатқа ұшырап еліміздің 27 асыл азаматтары дүниеден өткен. Осы азаматтардың ішінде Жамбыл облысы, Меркі ауданы шекара күзетінің басшысы Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы және аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы болған. Бұл қайғылы отбасына ауыр болғаны белгілі. Жылаған жүрек, қабырғасы қайысқан ата-ана, жетім-жесір. Бұл да Аллаһ тағаланың жіберген бір сынағы деп білеміз. Осы аталған марқұм Алмаз бауырымыздың әке-шеше, жан жолдасы Айнұр, ұл-қыздары ардақты асылдарын еске алып, қасиетті Рамазан айында, орталық «Меркі-ата» мешітінің асханасында 200 адамға ауызашар ұйымдастырып, қызметтес болған жолдастарын, туған-туыс бауырларын, мешіт жамағатының бастарын біріктіріп, ауызашар беріп, марқұмдарға құран бағыштады.
Айта кететін жәй, Рамазан айының алғашқы күнінен бастап айдың соңына шейін бір ай бойы «Меркі-ата» мешітінде ауызашар өтеді.

 

 

Меркі ауданының баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/TEQi9.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/13/uyS7h.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: