Кеше ғана алғашқы ауыз ашарды берген Талас ауданымыздың әкімі Рымтаев Досан және «Қарата» аудандық мешітінің бас имамы Алиев Нурсылтанның бастауымен ауыз ашар берілді. Бұл дастарханға жиналғандар әр түрлі қызметтегілер, іс сапарда жүрген жолаушылар, қала тұрғындары мен әр түрлі әлеуметтік топтағы адамдар және мешітіміздің күнделікті жамағаты жиналуда.
Ораза ұстағандарға ауызашар берудің сауабы мол. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ораза ұстаған кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап жазылады. Бұдан ораза ұстаған кісінің сауабы кемімейді», - дейді. (Тирмизи)
Талас аудандық «Қаратау» мешітінің найб имамы
Оразбаев Акбар




26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

