Қасиетті Рамазан.

Қасиетті Рамазан.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Талас ауданы Тамды ауылындағы «Тәңкібай ата» мешітінде берілген ауыз ашарда үлкен сауап бар. Ол жерге құрметті және мешіт жамағаттары мен ауыл ақсақалдары жиналып, Аллаға шүкіршілігін білдіріп ауыз аштырған ауыл имамы Төреқұлов Нұрбол имамға рахметтерін білдірді.
Құрметті мұсылмандар, сәресіні ішуде қандай береке бар болса, ауыз ашуда да дәл сондай береке бар екенінде Ислам ғалымдары арасында тартыс жоқ.


Ауыз ашар - ораза ұстаған адамдар тамақтануға рұқсат етілетін мезгіл. Мұсылмандық бес парыздың бірі - ораза. Бұл - рамазан айында 30 күн бойы таң атқаннан күн батқанға дейін өзін тамақтан тыйып ұстау. Қазақтарда ауыз ашар кезі қасиетті саналып, дәм алдында ауызды құрмамен, тұзбен не сумен шаяды. Ораза ұстаушылар құрметтеліп, әр үй кезекпен Ауыз ашарға шақырады. Мұсылмандықта мұнда құрмет сауап саналады.


Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі.»дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен ауыз ашар бергенге де осы сауап жазылады» (Бәйһақи) Тағы бір хадисте былай дейді: «Рамазанда бір қонаққа ауыз ашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады.» (У. Нәжат).
Ас беруді ниғмет деп білу керек. Хадис шәрифте былай делінген: «Амалдардың ең құндысы - бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту» (Исфахани)


Құдси хадистердің бірінде Аллаһ Тағаланың былай деп айтқанын руаят етіледі: «Ораза тұтқан құлдарымның ішінен Мен үшін ең сүйіктілері - ауыз ашуға асығатындары». (Термизи)
Ислам дінінің негіздері, олар бесеу, Қазақ тілінде Бес парыз деген атаумен аталады. Әрбір адамның мұсылман болуы үшін орындалуы парыз шарттары. Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.


Солардың ішіндегі - Ораза (араб: صوم‎ «ас-саум» өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) - Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
Рамазан мезгілінде мұсылмандар ислам қағидаларын неғұрлым тиянақты орындаулары, жыныстық қатынастан бас тартулары, зорлық-зомбылықтан сақтанулары, ашу, қызғаныш, дүниеқорлық, қанағатсыздық, құмар сияқты сезімдерге жол бермеулері, ашулы не мысқылды жауап беруден, өсек тасудан сақтанулары тиіс. Адамдар бір-бірімен әдеттен гөрі тату, ынтымақты өмір сүреді деп күтіледі.

 

Талас ауданы Тамды ауылы «Тәңкібай ата» мешіті.


 

http://gifok.net/images/2013/07/25/w7BZ.jpg

 


 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: