Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде ауызашар берілді.

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде ауызашар берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исламда парыз етілген төртінші амал - ораза тұту адамзатты мейірбандылыққа, адамгершілікке, достық пен қайырымдылыққа шақырады. Ораза тұтатын қасиетті Рамазан айында адамға өз құлқынының шырмауынан босауға, ашкөздіктен арылып, рухани жаңаруға мүмкіндік беріледі. Мұсылман әлемінде бір ай бойы пенделер бір-бірімен мейірбандықпен қарап, қиыншылыққа ұшырағанда көмек қолын созады, бір дастархан басына жиналып, ортақ дұға, тілек жасау арқылы адамдар арасында үйлесімділік байланысы орнайды.

 

Рамазан айын ерте заманнан мұсылман қауымы күнәлар кешіріліп, сауаптар жасалатын ай ретінде құрметпен қарсы алған. Сол тамыр әлі күнге үзілмей келеді. Араздасқанды татуластыратын, адамдық пейілді тазартып, жанды жаманшылықтан сақтайтын қасиетті айда ауыз бекітіп, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қарайды. Бұл айдың қадірін білген халық ораза ұстаған адамға жақын болуға ұмтылады, пітір-садақа береді, ауызашар жасайды.


 Күні кеше Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде Қасиетті рамазан айында ораза ұстаған жамағатқа арналып ауызашар берілді. Орталық мешітте жайылған дастархан басында ауыл ақсақалдары, мешітке келуші жамағат жиналып тәлімді де тамырлы, имандылыққа ұйытар әңгімелер, діни уағыздар, Рамазан айының қасиеті туралы сөз қозғады. «Өткенге салауат, бүгінге аманат» айтқан көпшілік қазіргідей тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында бейбіт күннің берекесі кірген, ел тұрмысы түзеліп, дініміз дін аман тұрған заманға шүкіршілік десті. Жиналған жұртшылық Қасиетті айда ауызашар беріп, баршаның басын біріктірген ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлына ризашылықтарын білдірді. Ауданның бас имамы дүниеден өткен барша мұсылмандардың рухына құран бағыштады.


 Ауызашарға жиылған жамағат ниет қабыл болып, ұрпақтың амандығын берсін, Алла тағала халыққа шуақты күндерді нәсіп етсін деген игі ниетпен тарасты.


Жамбыл ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімінің бас маманы

 Арнур Көбейханұлы Отыншиев

 

http://gifok.net/images/2013/07/25/aCxiT.jpg 

 

http://gifok.net/images/2013/07/25/svSIz.jpg   

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: