Қордай жеріндегі ерекше ауыз ашар.

Қордай жеріндегі ерекше ауыз ашар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһқа шүкір, Аллаһ тағала берген ризық несібе себебінен аудандық «Қордай» мешітінің асханасында қасиетті Рамазан айы басталғалы бері ауыз ашарлар күнделікті өткізілуде, ниет білдірушілер тоқталар емес, қайта кезекке тұрып жатқандар көп, бұл тек қана мешіт асханасы жағдайы, ал қаншама ауыз ашар беру сауапты ісі басқа да кафелерде өткізілуде десеңші.

 

Әрине осы жағдайға қарап Аллаһқа сансыз шүкірлігімізді білдіріп, пайғамбарымыздың Мұхаммед с.ғ.с «Кімде-кім осы айда ораза ұстаған адамның аузын аштырса, бұл оның күнәларының кешірілуіне, жәһаннам азабынан құтылуына және өзінің сыйынан ештеңе жоғалтпай оразаның сауабына қол жеткізуге себепші болады»-деген хадисіне сай амал етіп жатқан жандарды көргенімізде қуанып, қызығудамыз. Ал бүгінгі күні өткен ауыз ашардың басты ерекшелігі ауданымызға белгілі кәсіпкер Подшибякиндер әулеті ұйымдастыруда.Аталмыш ауыз ашарға ауыл ақсақалдары, мешіт қызметкерлері, сауат ашу курсының шәкірттері, мешіт жамағаты толық шақырылып, медресе асханасында әдеттегіндей ине шаншыр жер қалмады.

 

Дастархан басында сөз алған ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай оразаның қасиеттеріне тоқтап, дастарханның жайылуына себеп болып отырған Подшибякиндер әулетіне өз разылығын білдіріп, Подшибякиндердің бұл жылдағы ұйымдастырып жүрген іс-шарасы екендігін еске салып, мұсылман қауымына деген жылы ілтипатын білдіргеніне өз разылығын айтып, әрине бұл Елбасы Н.Ә Назарбаевтың көпұлтты Қазақ елімізде жүргізген сындарлы саясатының себебінен екенін түсіндіріп, ұлтаралық, конфессия аралық татулықты одан нығайтуға күш салу керектігін ескере кетті. Жиналған ақсақалдар Қордай азаматтары болған осы әулетке, бауырлас мұсылман халқына деген құрметіне алғыс айтып, өз ризалықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Мінекей осындай үлгілі істер арқылы біз өз еліміздің тұтастығын, бір-бірімізге деген сыйластық пен құрметті күшейте алатынымыз хақ.Аллаһ тағала баршамызға тура жол нәсіп етіп, одан таюдан сақтасын, Рамазан мүбәрәк болғай жамағат!


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/24/qvbBO.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/24/VvXq.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: