Қордай ауданы Али Мұртаза мешітінде Бас Мүфти атынан берілген ауыз ашар.

Қордай ауданы Али Мұртаза мешітінде Бас Мүфти атынан берілген ауыз ашар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Али Мұртаза» мешітінің имамы Ихия Мұхаммад Дубоевич пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с айтқан «Кімде-кім ораза тұтушының ауызын аштырса, Аллаһ оны тозақ отынан құтқарып күнәләрін кешіреді» деген қасиетті хадисіне сүйене отыра Сортөбе ауыл әкімшілігінің көмегімен Бас Мүфти Ержан қажы Малғажы ұлының атынан 70 адамға ауыз ашар берді. Ауыз ашарға көп балалы , аз қамтамасыз етілген отбасылар, сауат ашу курсының шәкірттері, ауыл ақсақалдары, ауыл тіршілігіне бейғам қарамайтын белсенді азаматтар қатысты. Ауыз ашарға Сортөбе ауыл округі әкімінің орынбасары М.Гаров арнайы келіп қатысты. Ауыз ашарда ораза және сауапты істер жайлы мәнді де маңызды уағыз насихаттар айтылды. Негізінен дүнген ағайындар шоғырланған аталмыш елді мекенде ауыз ашарлар әлі де жалғасуда.


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешіті
баспасөз хатшысы

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: