Биылғы Рамазан туралы не айтасыз?

Биылғы Рамазан туралы не айтасыз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман баласының ұлық мерекесі болған қасиетті Рамазан айының келуі өте үлкен қуаныш. 37 жылда бір айналып келетін шілденің аптап ыстығында, өзінің нәпсісін тежеп, жаратушы Алланың парызын өтеуге құлшынып құлшылық қылған құлдың иманына ешкім шүбә келтіре алмас болар. Құлшылығы түзелмей тіршлік оңалмайтынын білген жанның, жандүниесі иман нұрына ғана сусындап, Алланы еске алу мен ғана жұдырықтай жүрегі тынышталары хақ. Кәрі жас демей тек Алланы ұлықтап, сағындырып жылына бір келген Рамазанды әркім өз әлінше қарсы алатын шығар. Дейтұрғанмен қадірлеу, ұлықтау басқаша.

 

Қандайда бір жанның жүрегі Рамазанды сезініп, осы ораза айы ғой, жақыныма жәрдем берейін, көршіме көмектесейін, ораза ұстағанға ауыз аштырайын деп әбігер болуының өзі адамдық асыл қасиет. Кішпейіл ашық жарқын амандасып, оразасын құттықтап жатса мұсылманға тиісті мінез құлық болмақ. Рамазан айында ораза ұстаған жандарға ауыз ашар беру дәстүрі тек жеке отбасыларда ғана емес, мешіт медреселерде, тойханаларда өткізіліп келеді. Осы ауыз ашарлардың ішіндегі мешіттерде ауыз ашар берудің жөні бөлек. Мешіттегі ауыз ашарға қарттар үйінен, мүгедектер, зағиб жандар үйінен арнайы адамдар шақырылады. Бұл ішіп-жеу деген сөз емес, қайырымдылық көрсету саналмақ. Енді сөзімізді сырт көз сыншы дегендей, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінедегі ай бойы беріліп жатқан ауыз ашарға жат көзімен қарасақ. Олар не дейді екен?

 

http://gifok.net/images/2013/07/30/7bGc4.jpg


Имандылықты дәріптеуші асаба; Тұрлыбеков Нұғыман


      Біз асаба той-томалақ, жылына келетін айт-мейрамдарда басқа қосқан үлкенді-кішілі жиындардың тізгін ұстап жүретініміз шындық. Осындай жиындарда өз басым арақ-шарапсыз өтуін құптаймын. Әрі азаматтық тұрғыда таза, шынайылықпен өтуіне назар саламын. Ал қасиетті Рамазанның жөні бөлек. Өзімде тіземді бүгіп, шекемді жайнамазға тигізген құлдардың қатарына болғасын, бес парыздың біреуін қалдырып кету иманға сын болар. Оразаны біреуге көріну болмаса көрсету үшін ұстап жүреген жан емеспін. Адамнан гөрі Алланы ұлықтау қайырлы шығар? Облыс көлемінде биыл оразаға деген құрмет жаман болған жоқ. Жоғары билік өкілдеріде ауыз ашар беріп халықтың ықыласына бөленіп жатыр. Мешіттерге келер болсақ. Мешіттер бұл Рамазанды ұлықтау үлгі болатын бірден-бір орын. Өзіміз үнемі келіп намаз өтеп тұратын «Һибатулла Тарази» мешіті имамдарына алғысымыз шексіз, Құран түскен қасиетті айда кешкі Тарауих намазында хатым Құран түсірді.

 

Мешіт жанындағы медреседе ай бойы ауыз ашар беріп келеді. Бұлда құптарлық жағдай, алайда имамдарға қойылар қоғамнан талап ауыр, Абай атамыз «Сөз түзелді, тыңдаушы сенде түзел» ,-деп тегін айтпаған болса керек. Себебі халықтың өкілі болған имамдардың біліктілігі болып, жамағатқа дұрыс уағыз насихат жүргізіп, тыңдаушының жүрегіне ой салып жатса, еңбектерінің бағаланғаны. Құдайға шүкір, қаланың көркі зәулім ғимаратты мешітіміз бар. Осы мешітті ұстап тұра алатын білікті имамдарымызда жоқ емес. Биылғы рамазанда имамдар халықпен бірге болып етене жақын араласып тойлады. Өңіріміздегі жалпы халықты оразамен құттықтаған бас имамның мақаласының да куәсі болдық. Дін жолында қызмет өтеп жүрген азаматтарға айтарымыз, «Ұқпайтын шәкірт жоқ, ұқтыра алмас ұстаз бар» болмағай. Сөз соңында айтар тілегім, Мыңдаған істер сәтіне айналып, Алла әр ісімізге береке берсін.

 

 http://gifok.net/images/2013/07/30/hz8i.jpg


Ақаш Әбіталиев; физика пәнінің мұғалімі.


Біз үнемі осы орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне келіп тұрамыз. Балаларымды Жұмаға қатынасуға насихаттаймын. Рамазан айының келуі өте қуанышты. Міне соңғы санаулы күндері ғана қалып отыр. Оразаны сағынып қарсы алып, қимай қоштасатын болдық. Міне қасиетті айда ораза ұсатап жүрген жәйіміз бар. Күн аптап ыстық болса да адамдардың ықыласында өзегеріс жоқ. Орталық мешіттегі Тарауих намазына, кешкі ауыз ашарға да қатынасып тұрамыз. Имамдардың ыстық ықыласы жақсы, уағыз -насихаттары да көңілге қонымды. Басқа айтарымыз жоқ. Барша халыққа Алла береке, бірлік, ынтымақ берсін!

 

http://gifok.net/images/2013/07/30/HrFKB.jpg 


Алдабергенов Ерлан; екінші топтағы мүгедек.


Аллаға шүкір, заманымыз тыныш, қоғамдағы жастар да имандылққа бет бұруда. «Һибатулла Тарази» мешіт әкімшілігі ұйымдастырған ауыз ашарға да қатынасып тұрамыз. Әр жылғы Рамазан айының Тарауих намазында қарилар келіп хатым құран оқылып, Құран түскен айды ұлықтауы өте жақсы бастама. Және ораза айында мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға садақа көмекте беріліп тұрады. Мешітке білім іздеп келген жастарға қолайлы жағдай жаратылғаны қуантады. Кейде көкейімізде туындаған сұрақтарды, бас имамға, наиб имамдарға тіке қоя аламыз. Мұқият тыңдап шынайы жауап беріп отырады. Өзге айтарымыз жоқ, Алла барша халықты оразадан оразаға аман жеткізсін.

                                                       

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: