Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы игі істер.

Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы игі істер.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһқа сансыз шүкір тәуелсіз елімізде достық шаңырағының астында көптеген ұлттар мен ұлыстар бірге өмір сүреді. Бұл жерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі елеулі екені баршамызға мәлім. Елімізде, оның ішінде Қордай жерінде бауырлас та, діндес дүнген ағайындар шоғырланған. Бүкіл әлем мүсылмандары секілді дүнген бауырларымызда Рамазанға дайындалып, оны сауапты істермен өткізуде. Нақтылап айтсақ Қордай ауданы, Сортөбе ауылы, Хамид Бен Бадый мешітінің имамы Паншаров Губар жамағатты біріктіріп мешіт ауласында 50 адамға жуық дастархан жайып, ауыз ашар берді. Ауыз ашарға ауыл ақсақалдары, мешіт жамағаты, сауат ашу курсының шәкірттері және қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысатын азаматтар шақырылды. Мерекелік дастархан басында ислам құндылықтары жайлы уағыз айтылып, мұсылмандық бауырластық жайлы тақырыпқа ерекше мән берілді. Сауат ашу курсының шәкірттері де өз жетістіктерімен қуантуда. Аталмыш курсқа 30 бала қатысып, Рамазан айында да өз сабақтарын жалғастыруда. Шәкірттер араб әліппесімен танысып, сол арқылы Аллаһтың кітабы Құран сүрелерін жаттап, жақсы мұсылман болуды мақсат етуде. Курс аяғында ұстаздар емтихан болатынын ескертіп, оқушыларды бір жігерлендіріп алды.Жақсы жұмыстың жалғасын асыға күтеміз. Сауабы мол істер көп , Аллаһым ізгі істен құр қалдырмай, Өзіңнің мейіріміңе бөлей гөр.


Дәуренбек Жандосұлы
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз хатшысы

 

http://gifok.net/images/2013/07/29/kiFV5.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/29/SaG8t.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/29/l2Kag.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: