Мойынқұм мешіті ауыз ашар берді.

Мойынқұм мешіті ауыз ашар берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Рамазан - бұл сабыр айы. Сабырдың сыйы болса - жәннәт».
Кімде-кім бұл айда ораза ұстаған бір адамға ауыз аштырса, бұл амалы күнәларының кешірілуіне себеп болып, ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады - деген.
Аудан имамы Қуат Дүйсенбайұлы осы хадиске амалымен көрсетіп, жұма намазына келетін ораза ұстаған барлық мешіт жамағатын жинап «Жанар» кафесінде аудандық мешіт атынан ауыз ашар берді. Ауыз ашарда аудан имамы жиылған жамағатқа оразаның қасиеті, ауыз ашардың сауабы жайлы тартымды уағыз айтты. Қариялардан сөз алған мешіт жамағаты З.Әлімбетов осындай игі іске мұрындық болып отырған аудан имамына алғысын айтып осындай сауабы мол іс-шараның алдағы уақытта да өз жалғасын табуына тілектестігін білдіріп ақ-батасын берді. Соңынан аудан имамы әруақтарға Құран оқып бағыштап дұға қылды.


Р.Сәрсенов

 

http://gifok.net/images/2013/07/29/DCEye.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/29/EUAhb.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/29/aTniB.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: