Облыс маслихаты ауыз ашар берді.

Облыс маслихаты ауыз ашар берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық маслихат ауыз ашар берді. Бүгінгі таңдағы бір қуанарлық жәй, жоғары билік өкілдерінің қасиетті Рамазанды ұлықтап, көпшілік жамағаттың басын қосып ауыз ашар беруі.
Аталарымыз «Су басынан тұнар болар» деуінің сырына үңілсек, бірер ауыз сөзбен толықтай түйінде қиын. Негізінде бабаларымыз ұстанған асыл дінімізге деген жанашырлық танытып, өркендеуіне үлес қосар атқа мінер азаматтар ортамызда жоқ емес. «Адам - адамнан тәлім алад, Ағаш -ағаштан мәуе алады» демекші, Облыс әкімі бастап ауыз ашар беріліп еді. Өзге де ұйымдар мен мекемелер қағыс қалмай қолға алып жатыр. Бұл да болса ырысты ынтымақтың жемісі. Осы бір қасиетті Құран түскен ұлық айда, жүрегінде иманы бар адам баласының жақсылыққа құлшынып, ізгілік жасайтын бір сәті. Жақсылық тек оразада ғана жасалып қалмайды. Қайта осы айда адам баласының істеген жақсылығының сауабы еселенеді.

 

Атқа мініп ел тізгінін ұстаған азаматтар өздері ораза ұстай алмасада, оразаның қақысын беруді ойлап, ауыз ашар ұйымдастыруының өзі құлға тән қасиет. Мына бір хадиске жүгінсек, Әнәстің (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде өзіне дәм ұсынған сахабасының үйінде былай деп дұға еткен: «Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын. Дастархандарыңнан әрдайым салиқалы, тақуа жандар дәм татсын. Періштелер сендер үшін Аллаһтан рақым, жарылқау тілесін» (Әбу Дәуіт, Әтғима 54.) міне ойлап қарасаңыз, аталарымыздың да оразада қолың ашық болсын деуінің түп тамыры осы хадиспен ұштасып жатқандай, бүгінгі ағалармыздың да ізгі бастамасы өткендерден қалған өсиеттің орындалуы болса керек. Басшыларымыз иманды болса, еліміздің еңсесі биік болмақ, Алла Тәуелсіздігімізді баянды еткей.

 

«Һибатулла Тарази»

мешітінің баспасөз қызметі

 

http://gifok.net/images/2013/07/25/hkRQ1.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/25/devqo.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: