Не үшін қағбаның дәл осы бұрышын қажылар қатты бағалайды? (ФОТО)

Не үшін қағбаның дәл осы бұрышын қажылар қатты бағалайды? (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қағба бұрыштары әлемнің төрт бұрышына бағытталған және әр бұрышының өз атауы бар: «йемен» (оңтүстік), «ирак» (солтүстік), «левант» (батыс) және «қара тас» (шығыс). Қағба іргетасы мәрмәрдан қаланған, ал негізі меккелік граниттен тұрғызылған. Қағба үнемі кисуах деп аталатын арнайы жібек матамен жабылып тұрады. Жамылғыны жылына бер рет ислам күнтізбесі бойынша Зул-Хиджа айының (қажылық айы) 9/10 күні ауыстырады.

Кімде-кім Қара тасты ұстаса, қияметте Қара тас ол адам үшін куәлік етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Қиямет күні – Аллаһ тағала Қара тасқа көретін көз, сөйлейтін тіл беріп, бұрынғы көрінісіне қайтарады. Сонда қара тас Қағбаны зиярат еткен мұсылмандар үшін куәлік етеді”,– деген.

Бұл жерде жасалған дұғалар міндетті түрде қабыл болады.

hibatulla.kz


Құран Кәрімде: «Негізінде адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол (Әли Ғимран сүресі, 96-аят)»,–дейді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: