Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі.
Дінге руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алған жөн. Сол арқылы барлық жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар жүйесін қалыптастыра аламыз.
Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпаған халықтың болшағы зор болмақ.
hibatulla.kz
Алла Тағала адам баласын Құран Кәрімде: «Ол жаратылғандардың ішіндегі ең абыройлысы», – деп дәріптейді.