Әйел-қыздар арасында республикалық үздік мақалалар байқауы өтеді

Әйел-қыздар арасында республикалық үздік мақалалар байқауы өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елін, жерін, отанын сүйетін, елжанды, иманды патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторы жалпы жамағат арасындағы әйел-қыздарға арналған «Ислам және әйел» атты Республикалық ғылыми, діни-танымдық мақалалар байқауын ұйымдастырады! Мақала жазудың шарттары төмендегідей:

  • Жазылатын мақала дінмен ұштасқан болуы қажет;
  • Бір автордан бір мақала, көлемі 5-8 бет аралығында болу керек;
  • Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы;
  • Ғылыми фактілер келтірілген жағдайда сілтеме көрсетілуі;
  • Туындының плагиат болмауы;
  • Мақала Word форматы түрінде Times New Roman (14 кегльде (шрифт) қарпімен жазылуы тиіс;
  • Мақала «Ислам және әйел» тақырыбы аясында болуға тиіс;
  • Мақала жазушының (аты-жөні, елді-мекені, байланыс телефондары) болуы тиіс.

Үздік деп танылған 3 мақала төмендегі сыйлықтармен марапатталады.

Сыйлықтар:

1-орын – телевизор

2-орын – ноутбук

3-орын – ұялы телефон

Ескерту: Мақалалар 2017 жылдың 1 мамырына дейін мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс: kmdbsektori2016@mail.ru 

Байланыс тел: 8 (7172) 286 220

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: