Өзінің үйлену тойында қалыңдық Құранды жатқа оқыды. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралды және оң пікірлер көрсетілді. Қыз Құран оқығанда тәжуид техникасын пайдаланған болатын.
"Үйлену тойында Құран оқу - музыканттар мен әншілерге қарағанда тамаша дүние" - дейді бейнежазбаға пікір жазған әлеуметтік желіні пайдаланушылар.
Тәжуид - Құранды әдебіне қарай әріптердің махрадждарын беріп, сипаттарды жақсылап оқытып үйрететін ілім.
hibatulla.kz
Қасиетті Құранда: «(Ей, Мұхаммед!) Біз Саған барлық нәрсені ашық баяндайтын, мұсылмандар үшін дұрыс жол, игілік және қуаныш болатын Құранды түсірдік» («Нахыл» сүресі, 89-аят), - делінді.