МЕДРЕСЕ-ШӘКІРТТЕРІНЕ АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕДРЕСЕ-ШӘКІРТТЕРІНЕ АДАЛДЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде шәкірттерге арналған семинар өтті.

Жиынға Жамбыл облысы Жастар ісі секторының жетекшісі Дәулет Жанарбекұлы мен медресе-колледж директоры Жарбол Болатұлы қатысып, білім алушылармен қоғамдағы адалдық ұстанымы мен жастардың рухани жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.

Кездесуде адалдықтың тек жеке адамның бойындағы қасиет қана емес, тұтас қоғамның берік қалыптасуына негіз болатын маңызды құндылық екені сөз болды. Сондай-ақ діни білім алып жүрген жастардың бойында шынайылық, әділдік, жауапкершілік пен парасаттылық қағидаттарын орнықтырудың маңызына тоқталды.

Семинар барысында шәкірттерге алған білімін ізгілікке бағыттап, діни ұстаным мен күнделікті өмірде адалдықты қатар алып жүру қажеттігі жеткізілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: