Жуалы: Мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді

Жуалы: Мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде сауапты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі бастама аясында зекет ретінде берілген бір қойдың еті әлеуметтік жағдайы төмен алты отбасыға үлестірілді. Қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, олардың көңіліне қуаныш сыйлады.

Ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы қайырымдылық жасауға ниет білдірген азаматқа ризашылығын білдіріп, отбасына амандық, береке мен молшылық тілеп, ақ батасын берді.

Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыратын ізгі амал.

Жуалы аудандық мешітіеің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: