«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында өткен басқосуға оқу орнының директоры Жарбол Ақжігіт, Тараз қаласы «Мансап» орталығы филиалының басшысы Сәбит Мейірханұлы және Тараз қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Айбек Жанықұл қатысты.
Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және әрбір азаматтың өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы мәселелері қозғалды. Мамандар шәкірттерге құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, заң талаптарын білу мен оны құрметтеудің қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.
Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан тиісті жауаптар алды.
Кездесудің түпкі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.



29 Қараша 2026
18 Джумада-сани 1448

