Жуалы: «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында жұма уағызы айтылды

Жуалы: «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында жұма уағызы айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазы оқылып, жамағатқа «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Жұма уағызында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы аманат ұғымының мәні мен мұсылман өміріндегі маңызына тоқталды.

Өз насихатында ата-ана үшін перзент тәрбиесі – аманат, басшы үшін қол астындағы қызметкерлері мен елдің игілігі – аманат, ұстаз үшін шәкірттің білімі мен тәрбиесі – аманат екенін атап өтті. Сондай-ақ әрбір қызметкер өзіне тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен атқаруы, ал мұсылман баласы Алла берген уақытын, денсаулығын және нығметтерін орнымен пайдалануы керектігін жеткізді.

Уағыз соңында бас имам аманатқа қиянат жасамау – мұсылманның көркем мінезі мен имандылығының белгісі екенін айтып, жамағатты жауапкершілікке, адалдыққа және сенімге берік болуға шақырды.

Халқымыздың «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген нақыл сөзі де осы асыл құндылықтың маңызын айқындай түседі.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: