Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық мешітінде отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытында жамағатқа тағылымды насихат жүргізілді.
Ауыл молдасы неке қию мен үйлену тойының мән-маңызына тоқталып, отбасы құрудағы жауапкершілік, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен міндеттері туралы түсіндірді.
Сондай-ақ, шаңырақтың берекесі мен бірлігін сақтау, отбасында имандылық пен ізгі тәрбиені қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Отбасы құндылықтарын дәріптеу – қоғамның рухани тұтастығын нығайтудың маңызды негізі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



26 Қараша 2026
15 Джумада-сани 1448

