Жуалы: Мұсылманның қораны тақырыбында жұма уағызы айтылды

Жуалы: Мұсылманның қораны тақырыбында жұма уағызы айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазы оқылып, жамағатқа «Тілек тілеу (дұға) және кешірім сұрау (истиғфар) – мұсылманның қорғаны» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Жұма уағызын ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы жүргізді.

Өз насихатында бас имам дұға жасаудың маңыздылығы мен оның әдептеріне кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, мұсылман дұға еткенде шынайы ықыласпен, үмітпен және кішіпейілділікпен Алла Тағалаға жалбарынуы керектігін жеткізді.

Сондай-ақ дұға жасауды Алла Тағалаға мадақ айтудан бастап, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат жолдаудың маңызын атап өтті. Дұғада асығыстық танытпай, сабыр сақтап, тілеген тілегінің өзіне қайырлы болуын сұрау қажеттігін түсіндірді.

Уағыз барысында истиғфар айтудың, яғни Алла Тағаладан кешірім сұраудың рухани мәні мен мұсылман өміріндегі орны да насихатталды.

Жамағатқа дұға мен истиғфарды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырып, Жаратушыға деген ықылас пен тәуекелді нығайту қажеттігі айтылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: