#Т.РЫСҚҰЛОВ: «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» НАСИХАТТАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жұма уағызының соңында ас беру мәдениеті, ысырапшылдық және тойдағы әдепсіздік мәселелеріне тоқталып, жамағатты ысыраптан аулақ болуға және тойдағы әдепсіздіктерді тоқтатуға шақырды.

Аудан бас имамы насихатында: «Алла Тағала Құранда Ағраф сүресінің 31- ші аятында: "....Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді"-деп баяндай келе берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, бірақ ысырап жасамауымызды ескертсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да өзінің хадисінде: "Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер", дейді. Ислам шариғатында қандай да асты ысырап еткен берекесіздікке ұшырайды деп түсіндіреді. Қазір елдің тапқан табысынан береке қашқан заман болды. Өйткені айнала толы ысырап»,- деп, қоғамдағы ащы шындыққа тоқтала кетті.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: