#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы халық көп жиналатын құдайы аста «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» атты уағыз - насихат айтып, халыққа түсіндіру жұмысын жүргізді.

          Аудан имамы насихатында: «Дарақылық пен ысырапшылдық адамға жақсылық әкелмейді, соны білуіміз керек. Бүгінде қайтқан адамға берілетін Құдайы астар тойдан кем өтпейтінін тек біз емес, баршаға мәлім. Мұның зияндары аз айтылып да жүрген жоқ. Өзіміз де көбінесе ел арасында, түрлі діни рәсімдерде жүргендіктен көптеген олқылықтарды байқап жатамыз. Олқылық дегенде ысырапшылдықты айтудамыз.

Біздер мұны қаралы үйлерге жанымыздың ашығанынан айтамыз. Тіпті, қоғамда той мен өлім арасы бәсекеге түсіп, бірінен-бірі асып түскісі келіп жатыр ма деп қаласың. Бұл ойымды кейде ас-жиындарда үлкен қарт кісілер де қуаттай келе "Аттыға ілесемін деп жаяудың таңы айырылыпты" деуші еді бұрынғылар деп мақұлдап жатады. Даңқойлық пен дарақылықтан шығынға батып, қарызға кіру қазіргі әлемдік қаржы қиындығының заманында көп қазаққа оңай соғып отырмағанын айту да имамдық борышым деп санаймын.

Бұны айтудағы мақсатымыз - шариғат пен дәстүрге сай келмегендіктен айтамыз. Әр айтар сөзімізді, ақыл-кеңесімізді Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасымен жарық көрген «Ас беру әдебі» кітабына сүйеніп айтамыз»,- деп, кеңінен баяндап өтті.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: