Тараз: «ӘЛ-ӘДІЛ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ ТӨСЕЛДІ

Тараз: «ӘЛ-ӘДІЛ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ ТӨСЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Әл-Әділ» мешітінде келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында құлшылық залына жаңа кілем төселді.

Бұл игі бастама құлшылық үйінің тазалығы мен сәулеттік көркін арттырып қана қоймай, жамағаттың намаз бен діни рәсімдерді жайлы әрі тап-тұйнақтай таза ортада өтеуіне мол мүмкіндік береді.
 
Мешіт ауласы мен ішкі тынысын жаңғыртып, құлшылық етушілердің талап-тілегіне сай жағдай жасау — қоғамдағы ең сауапты амалдардың бірі. Осы қайырлы іске мұрындық болып, мешіт үйін абаттандыруға қолдау білдірген барша жанашыр азаматтардың ниеті қабыл болсын!
 
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: