Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылында «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында рухани кеш өтті. Аталған шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, имандылық пен адалдықты насихаттау, ұлттық дәстүр мен діни тәрбиені ұштастыру.
Рухани кеш барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы шаңырақтың берекесі, ата-ананы құрметтеу, бала тәрбиесі, адалдық пен адамгершілік жайында тағылымды әңгімелер айтты. Қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам дініндегі отбасы тәрбиесінің маңызы түсіндірілді.
Кеш барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, домбырамен ән-жыр орындалды. Жиынға ауыл ақсақалдары, имамдар және ауыл тұрғындары қатысып, рухани азық алды.



23 Қыркүйек 2026
10 Раби-сани 1448

